Қостанайлық әйел сасқанынан есірткіні жұтып қоя жаздады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Полицейлер Қостанай қаласында есірткі тасымалдады деген күдікпен 38 жастағы келіншекті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары есірткі тасымалымен айналысып жүрген әйелді қаладағы үйінен ұстады.

«Ол тергеу барысында 10 келіден астам героинді жұтып қоймақ болған. Бірақ, полицейлер дер кезінде тоқтата білді. Бұған қоса пәтерден электронды таразы табылды. Күдіктінің үш әпкесімен бірге пәтер жалдап тұратыны анықталды», - делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ұсталған әйел бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір ҚР ҚК 296-бабы, 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар