Қостанайлық әйел 13 жасар қызына пышақ сұғып алды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық әйел 13 жасар қызын пышақтап тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Іс деректеріне сүйенсек, 33 жастағы әйел Қостанай тұрғыны кәмелетке толмаған қызына пышақ сұғып алған.

Ауыр дене жарақаттарын алған жеткіншек облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның асқазаны мен өкпесіне қатты зақым келген. Қазір жағдайы бірқалыпты.

Өз қызына пышақ сұққан әйел ҚР ҚК 103-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша айыпталуда.

Фото: ru.apa.az

Соңғы жаңалықтар