Қостанайдың ірі кенті газдандырылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 12 мың тұрғыны бар Қашар кентіне көптен күткен көгілдір отын келді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады.

Бұл елді мекенді газдандыру «ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторының «Қостанай облысы елді мекендерін газдандыру және газ бөлу желілерін жаңғырту» инвестициялық жобасын іске асыру аясында мүмкін болды. Сонымен, кентішілік газ құбырларын, автоматтандырылған газ бөлу стансасы, екі газ реттейтін пункт, 30 шақырымнан астам газ құбыры салынып, іске қосылды.

Салтанатты шараға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен «КазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ғалым Айдосов қатысты. Қашарда 56 ірі панелді үй, бұдан басқа қосылуға әзір 20-дан астам жеке тұрғын үйлер бар. Кентте 35 коммуналдық-тұрмыстық, әлеуметтік нысандар жұмыс істейді. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, жобаны іске асырудың облыс үшін үлкен әлеуметттік-экономикалық маңызы бар.

«Газ халық, ондаған әлеуметтік және өндірістік нысандар үшін қолжетімді болады», - деді әкім.

«Бұл кентің экономикасын дамытуға оң ықпал етіп, өндірістік, әлеуметтік саланы, халықтың көші-қонының одан әрі дамуы үшін перспектива қалыптастырады. Біз бұл жұмысты осы жерде жұмыс істейтін, отбасы құратын, туған кентін дамытатын келешек ұрпақ үшін жүргізіп жатырмыз».

Соңғы жаңалықтар