Қостанайдың бұрынғы полицейлері пара алды деп айыпталуда

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай №2 сотына пара алғаны үшін айыпталған тұлғалар тобы - үш бұрынғы полицейге қатысты қылмыстық іс келіп түсті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінде бопсалау мен топтық сөз байласу фактілеріне негізделген істің талқылауы 3 қарашаға тағайындалды. Алайда қазір бұл қылмыстық тарихтың фабуласын жария ету шешілді. Сотталушыға   ҚР ҚК 366-бабы 1.2.4-тармақшасы 3-бөлігі, 416-бабы 2-бөлігі  бойынша айып тағылған.

Олар Қостанай облысы жол-патрульдік полициясы батальонының «Рубеж» бөгеу жүйесін  стационарлық бақылау посты қызметінің 38 жастағы аға инспекторы,  «Рубеж» БЖСБ полициясының 26 жастағы аға сержанты және ІІД заңсыз көші-қонмен күрес бойынша арнайы жеке взводының кіші инспекторы, 28  жастағы полиция аға сержанты.

Іс материалына сүйенсек, сотталушылар осы жылғы 23 маусымда Қостанай тұрғынынан бопсалау жолымен посттан кедергісіз өткізгені және құжаттарын тексермегені үшін 7 мың теңге пара алған. Сосын айыпталушылар сол күні «бопсалау жолымен, бірнеше рет, басқа азаматтан медициналық куәландырмай, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырмағаны үшін 100 мың теңге пара алған». Сот талқылау ашық режимде өтетіні атап өтіледі. 

Соңғы жаңалықтар