Қостанайдың бас жоспарына өзгерістер енгізіледі

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының бас жоспарына өзеріс енгізілмек. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен жиында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілісте қаланың бас жоспары талқыланды. Шаһар басшысы Базыл Жақыповтың айтуынша, алдағы уақытта бас жоспарға едәуір өзгерістер енгізіледі. Қала әкімі Қостанайдың даму қарқыны жайында және алда атқарылатын бірқатар идеяларымен бөлісті.

«Қала аумағында тұрғын үй құрылысына  бөлінген жерлер жеткіліксіз. Біз 2009 жылдың 3 қарашасында Үкімет бекіткен жоспарды толықтай орындадық. Қала қанат жая түссін десек, бүгінгі бас жоспарға түзетулер енгізу қажет. Өзгерістер жасау үшін шамамен 1 млрд теңге жұмсалады. Жаңа жобаны Рудный қаласына қарай, яғни солтүстік-батыс аумаққа ыңғайластырып жасауды жөн санаймыз», - деді қала әкімі.

Бас жоспарға сәйкес, құрылыс аймағы 95 гектарға жуықтайды. Архимед Мұхамбетов бұл бастаманы қолдап отыр. Дегенмен, құрылысшыларға ескерту жасады. «Болашақта тұрғын үйлердің бәрін бірдей қызыл кірпіштен емес, басқа да түрлерін салу керек», дейді өңір басшы.

Соңғы жаңалықтар