Қостанайдағы спорт мектебінде 8 жасар оқушы шынашағынан айырылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында дәрігерлер спорт мектебінде жарақаттанған баланың саусағының бір бөлігін кесіп тастауға мәжбүр болды. Оқиғаға қатысты тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан мәлім етілгендей, оқиға 13 сәуір күні Сарыкөл ауданының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде болған.

«8 жасар оқушының сол жақ қолына зілтемірдің дөңгелегі түсіп кеткен. Дәрігерлер баланың шынашақ сүйегін кесіп алып тастады. 28 сәуір күні тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалды шешім қабылданады», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар