Қостанайдағы көктайғақта 8 жүк көлігі жолдан шығып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында көктайғақ кесірінен 8 жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазақАвтоЖол» ЖШС-на сілтеме жасап.

Бүгін «ҚазақАвтоЖол» ЖШС-ның облыстық филиалының қызметкерлері апаттық жағдайға тап болған жүк көліктеріне көмектесті.

«Көктайғақ салдарынан «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолындағы көлік қозғалысы қиындады. Нәтижесінде 8 жүк көлігі жол жиегіне шығып кетті. Құтқару жұмыстарына серіктестіктің 3 арнайы техникасы жұмылдырылды. Бұған қоса Қостанай қаласынан барған бульдозердің көмегі пайдаланылды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қазақавтожол» ЖШС көлік иелеріне әзірге жолға шығудан бас тартуға кеңес береді. Сондай-ақ, мамандар жолдағыларға жылдамдықты шектен тыс асырмауға және автомобильдер арасында қашықтықты сақтауға, көлікпен оқыс маневр жасаудан аулақ болуын сұрайды. Айта кетейік, қазір «ҚазақАвтоЖол» ЖШС-ның 150-200 техникасы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.

Соңғы жаңалықтар