Қостанайда жылына 500-ден астам лифт шығарылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыс орталығында салынып жатқан индустрияландыру аймағында лифт шығаратын зауыттың құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«VEK Qazaqstan» деп аталатын лифтілер 2018 жылы сатылымға шығады. Жақын күндері зауыттың іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары басталады.

«Біз индустриалды аймақтың 2 мың шаршы метр аумағында лифт шығаратын зауыт саламыз. Қазіргі уақытта қажетті жабдықтарды алып қойдық. Бірлескен кәсіпорындағы лифт өндірісінде Қазақстан үлесі 60%-ға жетеді. Жаңа жоба табысты және сұранысқа ие болатындығына сенімдімін. Бизнес жоспар 5 жылға шақталған», - деп атап өтті ресейлік «VEK» кәсіпорнының директоры Михаил Молочников.

«VEK» компаниясы лифт шығарумен 2009 жылдан бері айналысып келеді. Оның өнімдері Петропавл және Көкшетау қалаларына жеткізілген. Жоба бойынша Қостанайда жылына 500-ден астам лифт шығарылады.

Жалпы, қазіргі таңда облыс аумағында индустрияландыру бағдарламасы аясында 11 жоба қолға алынып жатыр. Олар іске қосылғанда 4 200 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берілмек.

 

Соңғы жаңалықтар