Қостанайда жылу компаниясының автобусы қоршауға соғылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы Воинов-Интернационалистов көшесінде жылу-энергетикалық компанияның автобусы көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, жол-көлік оқиғасы бүгін қаладағы 15-дүкен маңында болған.

Қызметтік автобус «Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы» МҚК тиесілі екені анықталды. Мұны агенттік тілшісіне аталған компанияның директоры Асқар Бекпағанбетов айтты.

«Сол күні біздің қызметкерлер коммуналдық төлемдерге қарызы көп тұрғындармен кездесуге шыққан. Егде жастағы автобус жүргізушісі бақылаушыларды біраз уақыт күтіп отырған. Автобусты тұтатып, қозғала берген сәтте ол өзін жайсыз сезінген. Одан кейінгі жағдайды жақсы білесіздер. Қазір әріптесіміз қалалық ауруханада ем алып жатыр», - деді Бекпағанбетов.

Жылу компаниясының директоры айтқандай, бүгін ұжымдағы барлық көлік жүргізушілері медициналық тексеруден өтеді.

Соңғы жаңалықтар