Қостанайда жүкті әйел автобуста қабырғасын сындырып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда жүкті әйел автобуста қабырғасын сындырып алды, деп хабарлады alau.kz .

Жеті айлық жүкті Дания Даниярова №8 маршрутпен дәрігерге жоспарлы қабылдауға бара жатып, Қостанай қалалық ауруханасының травмотологиялық бөлімінен бір-ақ шықты. Сыртқа шығуға дайындалған келіншек тұтқадан ұстап тұрған. Зардап шегушінің айтуынша, жүргізуші жол бойы жылдамдықты асырып, тежегішті күрт басып отырған. Осылайша кезекті тежеу барысында әйел құлап қалған.

«Жолаушылар маған көмектеспеді. Жүргізуші кешірім сұрамақ түгілі, жәрдем беруді де ойламады. Қатты ауырды. Ол кезде тек баламның амандығын ойладым», - деді Дания Даниярова.

Ауруханада оған төс қуысы соғылғанын, оныншы қабырғасының сынғанын айтты. Баланың жағдайы жақсы. «Жүргізушінің көмек көрсетуге тырыспағанына, кешірім сұрамағанына ренжідім. Әр түрлі жағдай болуы мүмкін еді ғой. Оны іздеген жоқпын, бірақ автобусқа мінуге қорқып қалдым», - деді зардап шегуші.

Соңғы жаңалықтар