Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 333.57
EUR 391.81
RUB 5.81
CNY 50.37

Қостанайда жолаушылар толы автобус өртеніп кетті

Қостанайда жолаушылар толы автобус өртеніп кетті
2017 жылғы 7 қазан 12:38 793

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында Федоров тасжолында жүріп келе жатқан автобус жанып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 5 қыркүйек күні болған. Бұл ақпаратты Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Затобол кенті өрт сөндіру қызметінің бөліміне Озерное ауылының маңындағы Федоров тасжолында жолаушылар автобусының өртеніп жатқаны туралы хабарлама түседі.

Қостанайда жолаушылар толы автобус өртеніп кетті 

«Өрт сөндіруге «Қамқор-1» жасағы бағытталды. ТЖД қызметкерлері жеткенде көлік жүргізушісі өртті ауыздықтап үлгерген. Қызыл жалынның шығу себебі анықталды. 1998 жылы шығарылған автобус қозғалтқыш бөлігіндегі сымдардың тұйықталуынан соң тұтанған. Өрт аумағы 2 шаршы метрді құрады» -делінген ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Автобуста 17 жолаушы болған. Олардың барлығы «Жітіқара- Челябі» бағытындағы басқа көлікке отырғызылған.  

 

 

Басты сөздер: Көлік, Оқиға, Қостанай облысы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер