Қостанайда жолақы қымбаттады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының билігі 1 наурыздан бастап қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысын көтеру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

Бұл ақпаратты облыс орталығы әкімінің баспасөз қызметі таратты.

Енді қостанайлықтар автобустарда жол жүру үшін 60 теңгенің орнына 80 теңге төлейтін болады. Қала шетіне және саяжайларға баратын қоғамдық көліктердегі жолақы құны «әрбір шақырымға - 5 теңге» тарифі бойынша белгіленеді.

7 жасқа дейінгі балалар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушылары, 1 және 2 топтағы көзі нашар көретін мүгедектер үшін жол ақысы тегін.

7-15 жас аралығындағы балаларға 50% жеңілдік сақталады. Зейнеткерлер барлық бағыт бойынша белгіленген тарифтен 10 теңге аз төлейтін болады.

Қостанайда жол жүру ақысы үш жыл бойы көтерілмей келген еді. 

Соңғы жаңалықтар