Қостанайда жол тазалаушы техникаларға GPS-құрылғылар орнатылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Цифрландыру бағдарламасы шеңберінде облыстағы 9 жол басқармасы арнайы техникаларға GPS-құрылғылар енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Болат Сейдахметов айтқандай, GPS-құрылғылар тоғыз аудандағы жол-пайдалану учаскесінің көліктеріне орнатылды. Бұған бюджеттен 972 мың теңге жұмсалды.

«Қазіргі уақытта жабдықтарды диагностикалауды бастап кеттік. Біз GPS-құрылғылар арқылы техникалардың орналасқан аймағы мен жылдамдығы, жанар-жағармай пайдалану көлемін біле аламыз. Өз кезегінде бұл бағыт кестесін оңтайлы жүргізуге мүмкіндік береді. Артық ысырап болмайды. Арнайы техникаларды қажетті жұмыстарға ғана бөлеміз», - деді маман.

Болат Сейдахметовтің түсіндіруінше, заманауи құрылғы көлік 6-9 айда өзінің құнын өтейді. Бұған қоса, GPS-құрылғылар шығын көлемін 15-20% қысқартпақ. Айта кету керек, өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына жарықдиодты ақпараттық табло орнату жоспарланып отыр. Осы арқылы пойыздардың келу-кету уақытын, бағытын білуге болады.

Соңғы жаңалықтар