Қостанайда жол талғамайтын көлік асфальттың ойығына кіріп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай тұрғынының көлігі астфальттың ойығына кіріп кетті, деп хабарлады   alau.kz.

Жүргізуші әйел тоқтағысы келгенін, артқа шегініп, сосын алға жүрген кезде алдыңғы дөңгелектері асфальтқа кіріп кеткенін айтты.

«Қостанай жүргізушілерін ескерткім келеді, жолда абай болыңыздар, көлік ай-күннің аманында асфальтқа  кіріп кетті», - деді жазды ол.

Оның айтуынша, жердің астынан жылу келіп тұрған. Ол жылу құбыры жарылды деп болжап отыр.   

«Адамның түсіп кетуі әбден мүмкін.  Шынымен қорқынышты болды. Машина жерге кіріп бара жатқанда, әрең шығып үлгердім», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар