Қостанайда жол апатына айыпты адамнан миллионнан аса қаржы өндіріп алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай қалалық соты моральдық және материалдық шығынды өтеу туралы арызды қанағаттандырды, деп хабарлайды Аlau.kz порталы Қостанай облыстық сотына сілтеме жасай отырып.


2016 жылдың 13 сәуірінде Қостанайда көлік апаты болды. Кешкі сегіздер шамасында «Фольксфаген» маркалы автокөлік жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, мотоциклмен соқтығысты. Нәтижесінде мотоцикл жүргізушісінің денсаулығына ауыр зақым келген.

«Жеңіл автокөлік жүргізушісінің кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді. Өзінің құқын және заңды талаптарын қорғау үшін мотоцикл жүргізушісі сотқа шағым түсірді. Іс құжаттарын қараған сот айыпталушыдан материалдық және моральдық шығынды өтеу үшін шағым түсірушінің пайдасына 1 047 928 тенге көлемінде ақша өндірді», - делінген сот сайтында.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар