Қостанайда жоғалып кеткен дәрігердің қарызы болуы мүмкін - полиция

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 6 күн бойы 35 жастағы дәрігер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық ІІД қылмыстық істер басқармасының қызметкері Алмат Досов айтқандай, жоғалып кеткен дәрігердің қарызы болуы мүмкін.

«Бәлкім, дәрігердің жоғалуына материалдық жағдайы әсер еткен болуы керек. Ол әлдекімдерден ақша алып, ұялы телефонын сөндіріп қоюы ықтимал. Тағы бір болжам - отбасылық жағдай. Үй ішінде ұрыс-керістер орын алып, бірнеше уақытқа жалғыз қалғысы келген шығар», - деген дерек айтады полицей.

Тәртіп сақшысы тағы бір нұсқаның болуын жоққа шығармайды. Ол - суицид.

«Өзіне-өзі қол жұмсады деп нақты айта алмаймыз. Себебі, дәрігерді қалалық ІІБ барлық құрамы іздестіріп жатыр. Мұның сыртында еріктілер тобы да бар», - деді Алмат Досов.

Жоғалып кеткен Ербол Кәкімовтің жұбайы Татьяна Миненконың айтуынша, ол 15 ақпан күні ұлын мектепке апарған. 

Ербол Кәкімов Қостанай онкологиялық диспансерінде реаниматолог, анестезиолог болып жұмыс істейді. Жоғалып кеткен күні үстінде қара куртка, көк джинс шалбар болған. Сондай-ақ, өзімен шағын қара сөмке алып жүреді.

 

Соңғы жаңалықтар