Қостанайда жазасын өтеп жатқандарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы УК 161/2 мекемесінде өткен бос орындар жәрмеңкесінде  жазасын өтеп жүргендер мен жуықта еркіндікке шығатындарға жұмысқа қалай орналасу керектігі жөнінде кеңес берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Жәрмеңкені ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралардың басты мақсаты жазасын өтеп шыққандардың әлеуметтік мәселелерін шешіп беру.

«Гринада», «Лескор», КБК «Group», «Еңбек» сияқты серіктестіктер мен мекемелер 40-тан астам бос орындар ұсынды. Еркіндікке жуықта шығатындар өздерін қызықтырған бос орындармен танысып, мамандардан ақыл-кеңестер алды. Сонымен қатар оларға кәсіптік білім беру жағы да қарастырылған.

Ең көп таңдалған бос орындар қатарында слесарь, сантехник, мебель жасаушы сияқты мамандықтар бар.

«Мұнда 11 жылдан бері отырмын, жұмысым бар, бос орындар ішінен автоэлектрик мамандығын таңдап алдым, еркіндікке шыққан соң  КБК «Group» ЖШС-на жұмысқа орналаспақ ойым бар», - дейді есірткі сақтап таратқаны үшін бас бостандығынан айырылған Жеңіс Нұрманов.

Соңғы жаңалықтар