Қостанайда жасөспірім жоғалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 15 жастағы Михаил Сохань іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жасөспірімнің туысы Екатерина Шарифуллинаның айтуынша, ол 12 ақпанда үйінен шығып кетіп, оралмаған. Үстінде қара спорттық куртка, көк джинс шалбар, қаракөк бәтеңке және қара түсті бас киім болған.

«Оның жоғалып кетуіне отбасындағы мәселелер себеп болды деп айта алмаймын. Тек ол соңғы кездері сабақтан көп қалды», - деді Шарифуллина.

Михаил Соханьның жоғалғаны туралы полицейлер мен жергілікті білім бөлімі хабардар. Енді Екатерина Шарифуллина інісінің мектебіне барып, мұғалімдері және сыныптастарымен сөйлеспек.

Соңғы жаңалықтар