Қостанайда жаңа өндіріс орны іске қосылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ел тәуелсіздігінің мерекесі қарсаңында Қостанайдағы «Баян сұлу» кондитер фабрикасы екі жаңа жобаны  іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауқымды жобаны іске қосу үшін фабрика 1,5 млрд теңге инвестиция жұмсаған. Құрылғылар Түркияның ARCAN фирмасынан алынды. Фабрика директоры Тимур Садықовтің сөзінше, қазір жаңа цехта небәрі 27 адам еңбек етеді.  Мұның себебі, өндірістік процесс автоматты түрде жұмыс істейді. Қол күшін аса қажет ете бермейді.
null 

«Бүгінде еліміз инвестициялық жобаларға үлкен қолдау көрсетіп отыр. Соның арқасында осындай жаңа цехты ашуға қол жеткіздік. Жаңа цех жылына 5600 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Әзірге Қостанайда шығарылған тәттілер отандық нарықтың сұранысын өтемек. Содан кейін шетелдерге экспортталатын болады», - дейді фабрика директоры Тимур Садықов.
null 

Жаңа цехты облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те келіп көрді. Ол өндіріс орнымен танысқан соң, кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті.
null  

«Еліміздің басты мерекесі алдында жаңа цехты пайдалануға беріп отырмыз. Бұл бәріміз үшін үлкен оқиға. Жалпы, «Баян сұлу» фабрикасы тек Қостанай ғана емес, еліміздегі ежетекші кәсіпорындардың бірі. Мұнда биылғы 11 айдың ішінде 27 млрд теңгенің өнімдері шығарылды. Соның 8 млрд теңгесі немесе 17 мың тоннасы сырт елдерге экспортталған. Сіздердің шығарып жатқан өнімдерінің сапасы жағынан жоғары, әрі экологиялық таза өнім. Сондықтан, оған шет мемлекеттерден қызығушылық артады ғой деген сенімдемін», - деді облыс басшысы 
null 

Соңғы жаңалықтар