Қостанайда заңсыз дизель отынын сатқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Таран ауданында заңсыз дизель отынын сатқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, облыс тұрғыны А.Төлепов 2017 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында ұйымдасқан қылмыстық топты басқарды.

«Төлепов қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында туысы Хамитов және танысы Митрофановпен бірігеді. Олар заңсыз ақша табу жолын іздеген», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында.

Осылайша, олар 49 110 литр дизель отынын қолды қылған. Шығын көлемі - 6,8 млн теңге.

Сот үкімімен А.Төлепов 7 жылға, А.Хамитов 5,6 жылға, ал Н.Митрофанов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үшеуінің мүліктері тәркіленіп, жазаларын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.

Соңғы жаңалықтар