Қостанайда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкеріне қатысты тексеру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарьға сілтеме жасап.

«Ол жұмыстан тыс уақытта жеке автокөлігін мас күйде басқару кезінде ұсталды. Қазір жеке қауіпсіздік қызметкерлері осы факті бойынша қызметтік тексеріс бастады», - деп мәлімдеді Ирина Беженарь.

Оның айтуынша, егер қызметкер айыпты деп танылса, міндетті түрде жазаға тартылады. 

Жергілікті БАҚ-та ҰҚКБ қызметкері 16 наурыздан 17-сіне қараған түні ұсталғаны туралы хабар тараған. Оқиға орнында полиция жазған хаттамаға қарағанда, ол «010» нөмірлі TOYOTA автомобилін басқарған.

null 

Соңғы жаңалықтар