Қостанайда үй өртенді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының Қобыланды батыр көшесінде көпқабатты үй өртеніп, тұрғындар оқшау аймаққа көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Үйдің 5-қабатындағы 2 бөлмелі пәтерден өрт шықты. Алдымен, қонақтарға арналған бөлмедегі жиҺаздар мен тұрмыстық заттар жанып кеткен. Өрт ауқымы 10 шаршы метрді құрады. Пәтер ішінен үш адам құтқарылды. Оның 3-еуі - сәби. Өрт 10 минут ішінде сөндірілді», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт Балғина агенттік тілшісіне.

Сонымен қатар, тұрғын үй кешенінде болған 20 адам оқшау аймаққа көшірілді. Қазір олардың жағдайы жақсы.

Соңғы жаңалықтар