Қостанайда үш шағын аудан бой көтереді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова Қостанай облысындағы тұрғын үй құрылысының жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халық қалаулысы үй құрылысшыларымен кездесуде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының басты басымдықтарын талқылады.null

«Елбасының биылғы Жолдауы еліміздің қазіргі даму жолынан жаңылыспай, қарқынды ісімізді одан ары жалғастыруды меңзейді. Мемлекет басшысы 2030 жылға дейін әрбір қазақстандықты тұрғын үймен қамту көрсеткішін 30 шаршы метрге арттыру міндетін қойды. Осы тұста қостанайлықтар да аянбай тер төгуі керек. Біз бірқатар облыс аудандарын аралап, әртүрлі халық топтарымен кездесулер өткіздік. Рас, өңірде тұрғын үй проблемасы бар. Дегенмен, бұл мәселенің жергілікті атқарушы органдармен тез арада шешіліп жатқаны қуантады», - дейді Аронова.
null 

Қостанай ауданына қарасты Заречный кентінің «Солтүстік» ықшам ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында 11 көпқабатты үй бой көтерген. Олардың инженерлік ифрақұрылымына 158 млн теңге бағытталды. Биыл пәтер кезегінде тұрғандар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін тағы жеті тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ал, өткен жылы елімізде бірінші болып пилоттық жоба бойынша елді мекенде 68 жеке үйдің құрылысы басталды. 1 шаршы метрі 115 мың теңгеге бағаланған баспаналарға 1 млрд 200 млн теңге бөлінді. Жалпы, 2021 жылға дейін Қостанайда көпқабатты үйлерден тұратын жаңа үш шағын аудан бой көтереді деп жоспарланған.

«Егер тұрғын үй құрылысы осы қарқында жалғаса беретін болса, онда Елбасы тапсырмасын уақытылы орындаймыз. Бұл дегініміз - инфрақұрылымның жарқын келешегі. Заман үрдісіне ере отырып, сапалы өнім алуға және артық шығыннан құтылуға болады. Бастысы, сапаға назар аударылуы тиіс. Мәселен, мына «Солтүстік» шағын ауданындағы үйлер заманауи талаптарға жауап береді. Инженерлік-инфрақұрылым тартылған. Жарық жеткізілген, газ тартылып, жол салынған. Қазір бұл жерде тұруға барлық мүмкіндік бар», - деді халық қалаулысы.

Соңғы жаңалықтар