Қостанайда түрмеден қашқан қылмыскер ұсталып қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы қоныс колониясынан қашып кеткен 30 жастағы Руслан Юсубов қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Іс деректеріне сүйенсек, қылмыстық жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өткізіп жатқан 30 жастағы сотталушы белгіленген мерзімде қоныс колониясына оралмаған.

8 желтоқсан күні 20:00 сағат шамасында Руслан Юсубовтың уақытша тұрып жатқан мекенжайы анықталды. Ол осы уақытқа дейін Денисов ауданының Некрасовка ауылында болған. Полицейлердің айтуынша, сотталушының түрмеден шығуына небәрі бір жыл ғана қалыпты.

Енді Юсубов 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар