Қостанайда тұңғыш рет картоп жинайтын комбайн шығарылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Биыл «АгромашХолдинг» АҚ базасында картоп жинайтын комбайндар шығару жұмыстары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АгромашХолдинг» АҚ атақты «Гомсельмаш» компаниясының үлгісіндегі екі комбайн түрін шығарады. Олар: ПКК-2-05 «ПАЛЕССЕ РТ25» және КПБ-260-2 «ПАЛЕССЕ РТ260-2». Жабдықтар Беларусь Республикасынан әкелінеді.

«Аталған екі комбайн бір-біріне ұқсас. Айырмашылығы тұтынылатын қуаты мен өнімділігінде ғана. Екеуі де бір мезгілде бірнеше жұмысты атқара алады. Мәселен, РТ25 картоп жинап жүріп, топырақты тегістеп отырады. Бұл комбайн сағатына 1 га аумақтан картоп жинай алады.Ал РТ260-2 комбайнында арнайы тіркеме бар. Ол түйнектердің бүлінбеуіне көмектеседі», - дейді компания қызметкері Гүлнар Нұртазина.

null 

Қазіргі уақытта жабдықтарды тасымалдау мәселесі талқыланып жатыр.

Компания өкілдерінің сөзінше, комбайн құны қазақстандық шаруалар үшін қолжетімді болмақ.

Соңғы жаңалықтар