Қостанайда тұңғыш рет қарақұмық өңдеу цехы ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігі күні облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қарақұмық өңдеу цехының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жобаны «Мибеко» ЖШС қолға алды. Цех тәулігіне қуаттылығы 55 тонна қарақұмықты өңдеуге қауқарлы. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары толықтай аяқталды. Құрал-жабдықтар Голландия, Ресей, Түркия және Қытайдан әкелінген.

null 

 Сондай-ақ, «Мибеко» кәсіпорны ұн және жарма өнімдерін шығарумен де айналысады.

null 

«Осынау ұлық мейрам күні біз тағы да бір нысанды халық игілігіне беріп отырмыз. Мұндай цех облыста бірінші рет ашылып отыр. Бұл жобаға 700 млн теңге жұмсалды. Барлығы 32 жұмыс орны ашылды», - деді облыс әкімі.

Архимед Мұхамбетов айтқандай, аталған жоба «Сбербанк» арқылы жүзеге асты. Банк ұсынған 15% үстеме соманың 10%-ын мемлекет субсидиялайды. Сол себепті «Мибеко» ЖШС несиені небәрі 5%-бен ғана төлейді.

null 

«Бұған қоса «Даму» Қоры арқылы 60 айға 180 млн теңге несие алынды. Бұл біздің жергілікті бизнес үшін жақсы демеу. Кәсіпорын биыл 5400 тонна ұн шығарды. Оны Өзбекстан мен Ауғанстанға экспорттадық. Меніңше, басқа да Еуропа елдеріне жеткізуге мүмкіндік жеткілікті», - дейді аймақ басшысы.

null null null 

Соңғы жаңалықтар