Қостанайда терезеден секіріп қашқан ұры полицей болуы мүмкін

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыс орталығында ұрлық жасаған 3 адамның бірі тәртіп сақшысы болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Танымал фотосуретші Кирилл Филиппенковтің айтуынша, оның үйіне баса көктеп кіріп, ұрлық жасағандардың бірі - тәртіп сақшысы.

«Үйімнен 4 миллион 910 мың теңге ұрланды. 3 бұзақыны көршім бақылап қалған. Олардың барлығын танимын.  Бірі қостанайлық спортшы,  екіншісі тәртіп сақшысы, ал үшіншісі оның ағасы», - деді Кирилл Филиппенков.

Еске салсақ, 10 ақпанда Филиппенковтің үйін тонаған 3 күдікті әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінен ұсталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3 тармағымен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған оқиға туралы мәлімдеме беруден бас тартты.

Соңғы жаңалықтар