Қостанайда салқын су бағасы көтеріледі

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -  Қостанай қаласында салқын судың бағасы өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қостанай-Су» мекемесінің баспасөз хатшысы Майя Ақбасованың сөзінше, коммуналдық төлем құны жуық арада қымбаттайды.

«Қостанай-Су» коммуналдық мекемесі ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметі тарифінің көтерілетінін хабарлайды. Су бағасы абоненттердің жекелей санаттары бойынша көтеріледі. Қала тұрғындары үшін қызмет тарифі 11 %-ға өседі. Ал басқа тұтынушылар үшін 26%-ға көтеріледі»,- деп түсіндірді М. Ақбасова.

Бұған қоса салқын суды тазарту бойынша да тариф өсті. Енді тұрғындар бұл қызмет үшін 11%-ға артық төлейді. Басқа тұтынушыларға қойылған қызмет құны қазіргіден 21%-ға өседі.

Соңғы жаңалықтар