Қостанайда пәтер үшін кісі өлтірумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

None
None
Қостанай облысының ауданаралық мамандандырылған сотына 66 томнан тұратын атышулы қылмыстық іс келіп түсті. Жауапқа тартылатын адамдардың саны - 8 және олардың әрқайсысына ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды.

Нақтырақ айтқанда, оларға ірі көлемде алаяқтық жасады, бірнеше адамды өлтірді, қылмыстық топ құрды, құжаттарды ұрлап, адам саудалады деген айып тағылып отыр, деп хабарлады Қостанай облыстық сотының өкілдері.

Айып тағылып отырған 8 азаматтың жастары 28 бен 51 аралығында. Арасында 30 жасар әйел азамат бар.

Қылмыстық топты 2007 жылы 43 жасар азамат құрған топ өкілдері Қостанайда 2015 жылдан бері әрекет етіп келген.

«Ұйымдасқан топ басшысына пәтері бар, алайда, өзің әлеуеметтік жағынан аз қамтамасыз етілмеген азаматтар туралы, нақтырақ айтқанда, мүгедектер мен ішкілікке салынған және осы сияқты өзге де азаматтар туралы ақпарат келіп тұрған. Топтың әр мүшесінің атқаратын өз міндеттері болған. Қылмыскерлер әлеуемтік жағынан әлсіз болып табылатын азаматтардың пәтерлерін қылмыстық жолмен өздерінің аттарына жаздырып алып отырған. Түпкілікті мақсаттары - иеленген мүліктерді сатып баю. Осы мақсат үшін олар адамдарды қорқытып- үркітіп, қажет болған жағдайда құрбан етіп отырған. Ұйымдасқан топқа қатысты сот үкімі алдағы уақытта белгілі болады»,-деп хабарлайды облыстық сот өкілдері.

Соңғы жаңалықтар