Қостанайда пациент аурухана терезесінен секіріп мерт болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы қалалық аурухананың  пациенті дәретхана терезесінен секіріп кетіп мерт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аурухананың кезекші дәрігері агенттіктің тілшісіне хабарлаған ақпаратқа сүйенсек, оқиға сенбі күні, 6 қаңтарда күндіз болған.

Дәрігер сонымен қатар қаза тапқан науқастың алкогольдік интоксикациядан емделіп жатқанын жеткізді.

Облыстық ішкі істер департаменті оқиғаға байланысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Соңғы жаңалықтар