Қостанайда өртенген тұрғын үйден 35 адам құтқарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше «Наурыз» шағын ауданында болған. Белгілі болғандай, тұрғын үйдің 4-қабатындағы бір бөлмелі пәтерден өрт шыққан.

«Пәтердің балконы жанып, жалын төбе жабындысына тиген. Тұрмыстық заттар күйіп кеткен. Өрт ауқымы 6 шаршы метрді құрады. 55 жастағы үй иесі құтқарылды. Көпқабатты үйден 35 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді. Олардың ішінде екі бала бар», - делінген ТЖД хабарламасында.   

Департаменттің мәлім етуінше, адамдарды сыртқа шығару үшін арнайы саты пайдаланылған. Өрт орнында 7 құтқарушы жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар