Қостанайда өлтіріп кеткен қыздың әкесі ауруханада жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында өлтірілген 9 сынып оқушысының әкесі облыстық ауруханада дәрігерлер мен айдауылдың бақылауына алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Моисеевтің сөзінше, қыздың әкесі 17 наурыз күні ауыр дене жарақаттарымен түсті.

«Оған ота жасалды. Қазір жағдайы бірқалыпты. Ол жансақтау бөлімінен палатаға көшірілді. Полицейлер бақылауға алды», - деді Ю. Моисеев.

Еске салсақ, 17 наурызда Қостанайда №11 орта мектептің 9 сынып оқушысын өлтіріп кетті. Бұл фактіні «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне облыстық білім басқармасының жетекшісі Бәтима Даумова растады.

Соңғы жаңалықтар