Қостанайда оқушы қызды өлтіріп кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 17 наурызда Қостанайда №11орта мектептің 9 сынып оқушысын өлтіріп кетті. Бұл фактіні «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне облыстық білім басқармасының жетекшісі Бәтима Даумова растады.

«Оқушы қыздың өлтірілгені рас. Білім бөлімінің қызметкерлерін ешқайда кіргізбейді, тергеу шаралары жүріп жатыр. Ертең бәрі белгілі болады. Қыздың әкесінің жағдайы нашар, ол жансақтау бөлімінде жатыр»,-деді Б.Даумова.

Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері аталған фактіні растады және осы оқиғаға байланысты қосымша деректерді дүйсенбі, 19 наурыз күні айтуға уәде етті.

Соңғы жаңалықтар