Қостанайда мемлекеттік қызмет аллеясы ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті қызметкерлері «Мемлекеттік қызмет аллеясын» орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл бастама «90 мың жаңа ағаш» акциясы аясында қолға алынып отыр. Департамент қызметкерлері облыстық кітапхана тұрған аумаққа бірнеше түп тал екті.

«Бұл аумақ «Мемлекеттік қызмет аллеясы» деп аталады. Біздің қызметкерлер әр апта сайын аллеяны абаттандыру және тазарту жұмыстарын жүргізіеді. Тұрғындардың уақыт өткізуі үшін орындықтар қоямыз. Бастама басқа өңірлерде де жалғасуы тиіс», - деді департамент басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев.

Айта кетейік, мемқызмет аллеясы қала орталығындағы Толстой және Алтынсарин көшелерінің қиылысында орналасты.

Соңғы жаңалықтар