Қостанайда макарон шығаратын зауыт салынбақ

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Италияның Рим қаласында өткен ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту туралы жиынға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Италия арасындағы өнеркәсіптік және экономикалық әріптестікті дамыту бойынша өткен бизнес-форумға қостанайлық «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мамандары да қатысты.Ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибе алмасу, АӨК бағытындағы инвестициялық жобаларды пысықтау мақсатындағы жұмыс сапары барысында делегаттар сол елдегі бірқатар аграрлық сектор мекемелерін аралады.
null 

 «Біз Римде ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеумен айналысатын бірнеше нысанмен таныстық. Соның ішінде 60 жылдық тәжірибесі бар PAVAN компаниясын ерекше атап өтуге болады.  Біз бидайдың қатты сұрыбынан жасалатын макарон өнімдерін өндіретін ортақ кәсіпорын құрғымыз келеді. Өйткені ол аймағымыз үшін аса сұранысқа ие», - дейді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

Жалпы, «Kazakh Invest» ҰК, «ҚазАгро» ҰБХ және Қостанай облысы әкімдігі 9 мыңнан астам мекемені біріктіріп отырған Милан мен Ломбардия сауда-өнеркәсіптік палаталарымен келіссөздер жүргізді.

Қостанайлықтар Andalini макарон өнімдері цехына барып, зауыт президенті Массимо Андалинимен жүздесті. Кездесу барысында екі тарап «Макарон өнімдерін өндіретін зауыт құрылысы» жобасын іске асыру бойынша өзара келісімге қол қойды. Енді жақында Қостанайда макарон шығаратын зауыттың құрылысы басталмақ.

Соңғы жаңалықтар