Қостанайда қызметтік иттің көмегімен есірткі тәркіленді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда ізшіл иттің көмегімен есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қайрақ» кедендік бақылау бекетінде «Мандаринка» есімді қызметтік ит шекара асуға бағыт алған тұрғындардан марихуана мен гашиш тапқан. Әуелі, Nissan Qashqai көлігін мінген 36 жастағы тұрғын шетелге 10 грамм гашиш алып өтпек болды. Дегенмен, төрт аяқты «сақшы» бірден қылмыскердің жолын бөгеді.

Ал екінші жағдайда ол «Қостанай-Челябі» бағытына жол жүріп бара жатқан 55 жастағы Қазақстан азаматын тоқтатты. Кейін белгілі болғандай, жолаушының қалтасында марихуна табылды.

Осы фактілер бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр.

Фото: Архив

Соңғы жаңалықтар