Қостанайда күш құрылымдары адвокаттар алқасы ғимаратын қоршауға алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда Таран көшесінің бөлігі жабылды. ХҚКО ғимаратының маңында жедел ден қою қызметтерінің көліктері мен қызметкерлері жиналды, деп хабарлады alau.kz.

Қостанайлықтар көліктерді өткізбей жатқанын, адамдарды да «жабық учаскені» айналып өтуін  сұрап жатқанын хабарлады. Облыстық ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, бүгін сағат 16.30 шамасында облыстың ІІД-ге «102» пультіне Таран көшесінде орналасқан адвокаттар алқасы қызметкерлерінен хабарлама келіп түсті.

Мамандар әкімшілік ғимарат холлынан сөмке табылғанын хабарлады. Оқиға орнына тергеу жедел тобы жетті. Олар сөмкені тексеріп,  ішінде заттар барын анықтады. Сөмкені келушілердің бірі қалдырып кеткен болып шықты. 

null null null null null null  

 

Соңғы жаңалықтар