Қостанайда күдіктіні пара беруге итермелеген полицей сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай ІІБ тергеушісі Жанболат Еріков пара беруге итермелегені және алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрынғы тергеушіге үкім бүгін Қостанай №2 сотында оқылды. Ол 5-6 желтоқсан күндері қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, азамат С.-ны қылмыстық жауапқа тартпауға көмектесу және ақша ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін 400 мың теңге мөлшерінде ақша беруге үгіттеген.

Бірақ С. оған пара бермей, Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жүгінген. Еріков сол күні ұсталған.

Сот Жанболат Еріковті айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұдан тыс, Ж. Еріков полиция капитаны атағынан айырылды. 

Соңғы жаңалықтар