Қостанайда күдікті сөмке үшін вокзал қоршауға алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы қоршауға алынған теміржол вокзалы туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, бүгін кешке тұрғындар вокзалда жарылғыш заттың болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қаққан. Тәртіп сақшылары вокзал ішіндегі адамдары сыртқа шығарып, ғимаратты қоршауға алды.

«1 қарашада сағат 18:10-да ер адам полицияның кезекші бөліміне теміржол вокзалында күдікті сөмкенің тұрғанын айтқан. Тексеру барысында сөмке ішінде облыс тұрғынының жеке заттары болғаны анықталды», -деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженар.

Соңғы жаңалықтар