Қостанайда кооператив басшысы мемлекет қаржысын жымқырған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы шаруашылық кооперативінің қызметкері  ірі көлемдегі мемлекеттік субсидия қаржысын жымқырған, деп жазады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс Жітіқара аудандық сотында қаралды. 1966 жылы туған азамат У. ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотталды.

«Облыс тұрғыны У. өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында жалған құжаттар жасаған. Ол «Аграрий К» жеке кәсіпкерлігінің балансына құжат жүзінде асыл тұқымды бұқа және аналық ірі қара мал басын тіркеп, субсидия алған. Мемлекетке келтірген шығыны - 22,9 миллион теңге», -делінген облыстық соттың баспасөз қызметі хабарламасында.

Кооператив қызметкері субсидия ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Сот үкімімен У. 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол 7 жылға материалдық жауапты қызметті атқару құқығынан шеттетілді.

Соңғы жаңалықтар