Қостанайда көлікжайда екі ер адам өртеніп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай,  19 ақпанда Қостанайда гараж кооперативінде қайғылы оқиға орын алды. 

Тілсіз жау таңғы сағат 7-де орын алған.

«Бір қабатты жеке гараждан өрт шықты. Гараж алаңы 15 шаршы метр, оқиға орнынан жанып кеткен 43, 32 жастағы екі ер адамның мүрдесі табылды», - деп хабарлады облыстың ТЖД Апаттық құтқару жұмыстары  қызметінен.

Жалын 7:31-де ауыздықталып, 9:23-те жойылды.

Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 7 адам, 2 бірлік техника тартылды.

ІІД баспасөз қыөметінде екі ер адамның мүрдесінде күштеп өлтіру белгілері болмағанын нақтылады.

 

Соңғы жаңалықтар