Қостанайда көкпар көрерменсіз өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында ұлттық ат спорты ойындары өз маусымын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қостанай таңы» облыстық газетіне сілтеме жасап.



Заречныйдағы «Қазанат» ипподромында Сарыкөл, Таран, Қостанай, Қарабалық  аудандарының сәйгүліктері он шақырымдық аламан бәйгенің жүлдесіне таласты. Маусымның жабылуына сондай-ақ ресейлік шабандоздар да қатысты.

Ауыздығымен алысқан алуан жүйріктің арасынан бәйгенің көмбесіне бірінші болып Ресейдің аты жетті. Екінші және үшінші орындарды Қостанай ауданының қос сәйгүлігі еншіледі.  



Бастапқыда белгіленген 16 шақырымдық аламан бәйге мен 8 шақырымдық тоқ бәйге өткен жоқ. Оған қатысушылардың аздығы себеп болды. Ал көкпарға Таран мен Сарыкөл аудандарының және облыстық ішкі істер басқармасының командасы түсті. Бұл сында ОІІБ командасы жүлдені ешкімге ұстатпады. Жүлдегерлердің барлығына ақшалай сыйлықтар мен грамоталар берілді.  

Басылымгың жазуынша, алдын ала хабарландыру болмағандықтан атжарысты көруге санаулы ғана адам жиналған. Оның үстіне, бәйгеге демеушілік етуге құлық танытқандар болмағаны көрініп тұрды.

 

Соңғы жаңалықтар