Қостанайда қазақтың тұңғыш механизатор қызының құрметіне саябақ ашылмақ

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 2018 жылы облыс орталығында даңқты механизатор Кәмшат Дөненбаева атындағы саябақ ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің сөзінше, биыл Қостанай қаласында екі жаңа нысан салынады.

«Оның біріншісі - Кәмшат Дөненбаев атындағы саябақ. Ол Жастар орталығы шағынауданында ашылады. Енді барлығы қала әкімдігі мен архитекторларға байланысты. Саябақ көрікті болуы тиіс, қаржы мәселесі шешілді»,- дедіАрхимед Мұхамбетов аппарат мәжілісінде.

Ал екінші нысан - Даңқ аллеясы. Ол қала орталығындағы «Жеңіс паркі» алаңында орналасады.

Соңғы жаңалықтар