Қостанайда «Қазақ халқына алғыс» монументі тұрғызылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының орталығында "Қазақ халқына алғыс" монументі ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай ұсыныс облыс әкімі Архимед Мұхамбетовке Наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарлама барысында айтылды. 

"Қостанайдағы түрлі ұлт өкілдері қауымдастығы бірігіп, қазақ халқына алғыс айту мақсатында монумент ашқымыз келеді. Жаңа нысанды "Қазақ халқына алғыс" деп атауға да болады. Осы бастаманы сізбен ақылдасып, құрылыс жұмыстарын бастасақ деген жоспар бар", - деді "Эребуни" армян қауымдастығының төрағасы Тигран Бадалян.

null

null

Өз кезегінде облыс басшысы бұл ұсынысты қолдайтынын жеткізді.

"Бастамаларыңыз жақсы. Мен қолдаймын. Қазақ халқына алғыс айтуға арналған монумент көрнекі орынға айналуы тиіс. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары жыл сайын 1 наурыз бен 1 мамырда осындай құнды ескерткіштің жанына жиналып, мерекені атап өтуі қажет. Жаңа нысанның орналасатын жерін анықтауды қала әкімі Базыл Жақыповқа тапсырамын", - деді Архимед Мұхамбетов.

null  null null

Айта кетейік, мерекеге орай бүгін Қостанайдағы "Арғымақ" ипподромында республикалық ат жарысы ұйымдастырылады.

 

Соңғы жаңалықтар