Қостанайда иесіз тұрған үй өртеніп кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыс орталығындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін таңертең 08:20 шамасында Алтынсарин көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

«Бұл үй бірнеше жылдан бері иесіз тұр. Үй айналасында қаңғыбастар көп жүреді, үнемі айқай-шу болып жатады», - дейді оқиға куәгері Самат Жанкелдин.

ТЖ бөлімі қызметкерлері өртті 1 сағаттың ішінде сөндірді.

«Өрт сөндірушілерді көршілері шақырды. Барлығы 5 арнайы техника жұмылдырылды. Қызметкерлер келгенше, үйдің екі бөлмесін жалын шарпыған. Терезе жақтаулары, кіреберіс бөлменің шатыры түгелдей жанып кетті. Өрттің нақты себептері анықталуда»,- деп мәлім етті облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

ТЖ мамандары келген кезде баспана айналасында тұрғылықты мекенжайы жоқ екі адам болған. Қазіргі таңда қызметкерлер үйдің иесін іздестіріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар