Қостанайда ерлі-зайыптылардың өмірін жалмаған өрттің себебі анықталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Екі адамның өмірін қиған Меңдіқара ауданындағы тұрғын үй өртінің себептері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 15 қаңтарда Меңдіқара ауданында болған.

ТЖД баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, аудан орталығындағы жеке тұрғын үй толығымен жанып кеткен.

«Алдымен, үйдің кіреберісі мен шатыры тұтанған. Зертхана мамандарының алдын ала жасаған болжамдары бойынша, өрт жылытатын пешті дұрыс қолданбаудан шыққан», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Қызыл жалын сағат 22.18-де ауыздықталған.

Соңғы жаңалықтар