Қостанайда ер адамды ит қауып өлтірді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жітіқара қаласының тұрғынын ит қауып өлтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Қостанайдағы кәсіпорынның маңында 59 жастағы ер адамға ит тап берген. Алған жарақат салдарынан ол облыстық ауруханада көз жұмды. Ит сол кәсіпорынға тиесілі болған.

«Ит қауып өлтірген 59 жастағы Жітіқара қаласының тұрғынына қатысты іс тексерілуде. Жәбірленуші жұмыс істеген кәсіпорынның басшысына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша («Иттерді серуендету қағидаларын бұзу арқылы адам денсаулығына зиян келтіру») әкімшілік іс қозғалды», - деп мәлім етті ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженар.

фото:pressa41.ru

Соңғы жаңалықтар