Қостанайда елік атқан үшеу бір жылға сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы аумағында елік атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Денисов ауданының Архангельский ауылынан 5 шақырым алқапта заңсыз аң аулаған 3 азамат қолға түсті. Олар елік атып, мемлекетке  601 250 теңге материалдық залал келтірді. Осылайша, айыпталушылар қылмыстық құқықбұзушылыққа жол берді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

 Сот отырысында браконьерлер кінәларын мойындап, өкінетіндерін жеткізді. Мемлекетке келтірілген шығын сомасы өтелді. Сот үкімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұған қоса олар мінген автокөлік пен қару мемлекет меншігіне өтті. 

Соңғы жаңалықтар