Қостанайда «Электронды қылмыстық іс» жобасы іске қосылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда көлік жылдамдығын өлшейтін 8 бағдарламалық кешен іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолданылатын бейнебақылау мониторларының жұмысы сапалы болуы тиіс. Осы мәселе Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен өткен цифрланыруға байланысты жиында қозғалды.

Қостанай облысы ІІД бастығының орынбасары Болатбек Жұмағалиевтің сөзінше, қауіпсіздік саласына цифрлық технологияны енгізу қоғамдық тәртіпті нығайтуға септігін тигізеді.

«Облыс бойынша Қостанай және Рудный қалаларында 2 жедел басқару орталығы жұмыс істейді. Орталық қалалардың цифрлы картасын пайдалану арқылы бірнеше қылмыстың бетін ашты. Мәселен, өткен 70 күнде 9668 құқықбұзушылық тіркелді. Мемлекет қазынасына 17 млн 940 мың теңге қаражат өндірілген. Жуырда көлік жылдамдығын өлшейтін 8 бағдарламалық кешен орнатылды», - деді Б.Жұмағалиев.

Сонымен қатар облыстық ІІД жақында «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын іске қосты. Басты мақсат - қылмыстық сот ісін жүргізуге сандық технологияларды енгізу, оның айқындығын арттыру, қылмыстық процестің мерзімін қысқарту, сондай-ақ қағаз жұмыстарын оңтайландыру.

«Электрондық қылмыстық іс» жобасы аясында із кесушілер мен тергеушілерге 284 құрылғы сатып алынды. Оған 206 млн теңге қаражат жұмсалған. 2018 жылы тәртіп сақшылары 364 планшетпен жарақтандырылады. Енді жол қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін хаттаманы толтыру үшңн тиісті азаматтың ЖСН енгізуі жеткілікті, қалғандарын жүйенің өзі тауып береді. Бұрын хаттама кемінде 30 минут толтырылса, ол енді 5 минутқа дейін қысқарады», - деп түсіндірді полицей.

Жиында белгілі болғандай, ІІД жедел басқару орталығын АТС Сoral және «Автонавигатор» бағдарламалық құрылғыларымен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта 77,8 млн теңге қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар