Қостанайда екі қымбат көлік ұрланды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында «Lexus LX 570» және «TOYOTA Land Cruiser» маркалы автокөліктер қолды болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, «Lexus LX 570» кеше түнде ұрланған. Шығын көлемі - 35 миллион теңге.

«Автокөлік «Наурыз» шағын ауданындағы көлік иесі үйінің ауласында тұрған. Бұл көлікке дабыл жүйесі орнатылған», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Екінші көлік Воинов-Интернационалистов көшесінде ұрланды. Оның құны - 9 миллион теңге.

Қазір ҚР ҚК 200-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай облысында 231 рет көлік ұрлығы тіркелген. Оның ішінде тек 165 іс қана ашылған.

Соңғы жаңалықтар